Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды

Алматы 21–23 мамыр күндері Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан GITF 2026 халықаралық туристік көрмесіне қатысып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды
Фото: Алматы әкімдігі

Ұйымдастырушылардың дерегіне сүйенсек, ауқымды іс-шараға әлемнің 55 елінен және өңірлерінен өкілдер келіп, 1000-нан астам туристік ұйым мен компания бас қосты.

Көрмеде Алматы ұлттық нақыштағы стендпен таныстырылып, қазақ мәдениетінің элементтері мен заманауи мультимедиялық шешімдер арқылы ұсынылды.

1000988054.jpg

Қала делегациясы туристік бағыттарды, ұлттық гастрономияны, мәдени мұраны және халықаралық туризм мүмкіндіктерін таныстырып, шетелдік туроператорлар, әуе тасымалдаушылары мен серіктестермен келіссөздер жүргізуде. GITF 2026 көрмесі аясында Алматы «ең танымал мәдени туристік бағыт» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

1000988060.jpg

Бұл жетістік халықаралық қауымдастықтың қалаға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетіп, Алматының әлемдік туризмдегі беделін одан әрі күшейте түсті.

1000988057.jpg