Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) MV Hondius круиздік лайнеріндегі індетке байланысты хантавирус жұқтырғандар санын 10 адамға дейін төмендетті.
ТАСС агенттігінің жазуынша, бұл туралы ДДҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеді.
Қазіргі таңда ДДҰ-ға аурудың 10 жағдайы туралы хабарланды, оның ішінде үш адам қайтыс болды: сегіз адамда Андес вирусы зертханалық түрде расталған, тағы екі адамға болжамды диагноз қойылған, – деді ол Женевадағы брифингте.
Бұған дейін ДДСҰ MV Hondius кемесіндегі хантавирус індетіне қатысты жағдайлар саны мән-жайды анықтау барысында артуы да, азаюы да мүмкін екенін айтқан болатын.