Үкіметтің қаулысына сәйкес, «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Сыртқы істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Иранға гуманитарлық көмек жөнелтті.
Иран Ислам Республикасына жалпы саны 30 вагон болатын азық-түлік пен дәрі-дәрмек жіберілді. Гуманитарлық жүк Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамына беріледі.
Агенттік өкілдері Қазақстан халқынан достас Иран халқына жолданған бұл гуманитарлық көмек жақын көршілік қарым-қатынасты нығайту және өзара қолдауды күшейту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.