Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Семейде полицейлер жүрек талмасы ұстаған ер адамды құтқарып қалды

Семейде патрульдеу кезінде полицейлер жүрегі ауырып, есінен тана бастаған ер адамға дер кезінде көмек көрсетті. Бұл туралы Абай облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Семейде полицейлер жүрек талмасы ұстаған ер адамды құтқарып қалды
Фото: Абай обл. ПД

Полиция аға лейтенанты Асхат Шаяхметов пен полиция лейтенанты Нұрсұлтан Қуанышбаев жекеменшік секторды аралау барысында үй қабырғасына сүйеніп тұрған азаматты байқап қалған.

Ер адам жүрегінің қатты ауырғанын айтып, жағдайы күрт нашарлаған. 

Тәртіп сақшылары бірден жедел жәрдем шақырып, ер адамды қауіпсіз жерге жатқызып, дәрігерлер келгенше есін жоғалтпауына көмектескен. Бірнеше минуттан кейін жедел жәрдем келіп, азамат ауруханаға жеткізілді.