Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Қарағандыда жас жігіт зейнеткерді банкте тонап кеткен

Қарағандыда 67 жастағы зейнеткерді тапа-тал түсте тонап кеткен. Оқиға банктердің бірінің жанында болған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қарағандыда жас жігіт зейнеткерді банкте тонап кеткен
Фото: видиодан скриншот

Тергеу мәліметінше, 29 жастағы жігіт зейнеткердің әмиянын жұлып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген шығын 117 мың теңгені құраған.

«Жедел қызметкерлер бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің қозғалыс бағытын анықтап, оны ұстады. Ол Теміртау қаласының тұрғыны болып шықты», – деп мәлімдеді ведомство.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.