Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Терроризм бойынша күдікке ілінген 4 қазақстандық елге қайтарылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген Қазақстанның төрт азаматын елге қайтарды.

Терроризм бойынша күдікке ілінген 4 қазақстандық елге қайтарылды
Фото: ҰҚК

"Осы жылдың 7 және 12 мамырында шетелдік елдерден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікпен республикамыздың төрт азаматы Отанға жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Аталған адамдар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген, ұлттық қауіпсізждік комитетінің бағдары бойынша ұсталды. Оларға қатысты тиісті қылмыстық істер шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, дейді комитетте.