Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Елордада 4 мыңнан астам күмәнді сайт бұғатталды

Астанада "Anti-fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындылары шығарылды, кибералаяқтыққа қатысты 200-ге жуық іс ашылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Елордада 4 мыңнан астам күмәнді сайт бұғатталды
Фото: canva

Елордада интернет-алаяқтықты қоса алғанда, ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы бағытталған "Anti-fraud" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері кибералаяқтыққа қатысы бар 48 адамды ұстап, жауаптылыққа тартты, олардың ішінде 4 шетел азаматы бар. 200-ге жуық қылмыстық іс ашылды.

Жәбірленушілерге 26 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. SIM-карталарды заңсыз тіркегені үшін 4 адам ұсталды. Олардың қолынан қылмыстық схемаларда қолданылуы жоспарланған 400-ден астам SIM-карта тәркіленді.

Сонымен қатар, 4 мыңнан астам алаяқтық интернет-ресурс бұғатталды. "Дропперлерге" қатысты 15 қылмыстық іс қозғалды. Антифрод-орталықпен бірлескен жұмыс нәтижесінде заңсыз әрекеттерде пайдаланылған 3 мыңнан астам банк шоты бұғатталды.