Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Ақмола облысында жігіттерді әскерден алып қалуға уәде еткен дәрігер сотталды

Ақмола облысында алаяқтық жасаған аудандық емхана дәрігері сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.

Ақмола облысында жігіттерді әскерден алып қалуға уәде еткен дәрігер сотталды
Фото: sputnik.kz

Қылмыстық іс Целиноград аудандық сотында қаралды. Дәрігерге қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алаяқтық жасады деген айып тағылды.

"Дәрігер былтыр қазан-желтоқсан айлары аралығында әскери қызметті өтеуді кейінге қалдырып беремін деген уәдемен үш жігіттен ақша алған. Үш жәбірленуші дәрігердің шотына 350 мың теңгеден аударған", - дейді сотта.

Алайда дәрігер ол қаражатты қажетіне жұмсап, ер адамдарға материалдық шығын келтірген. Сот үкімімен дәрігер 1 жылға медициналық қызмет көрсетумен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жылға 6 айға бас бостандығын шектеу тағайындалды.