Ұлттық қауіпсіздік комитеті сәуірде тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілер туралы деректі жариялады.
Қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыста жүргізілді.
"Барлығы 63 бірлік, оның ішінде 4 "Калашников" автоматы, 38 мылтық, 20 тапанша, "РШГ-2" реактивті шабуыл гранатомет, сондай-ақ 4 граната және 188 оқ-дәрі тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында жалпы салмағы 346,5 келі болатын өнеркәсіптік жарылғыш зат табылды және тәркіленді.
Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру әрекеттері жүргізіліп жатыр.