Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Семейлік тұрғынның гаражынан 154 келі марихуана табылды

Семей қаласында полиция ірі көлемдегі есірткі арнасының жолын кесті. ІІМ мәліметінше, жергілікті тұрғын өз гаражын есірткі сақтайтын қоймаға айналдырған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Семейлік тұрғынның гаражынан 154 келі марихуана табылды
Фото: видиодан скриншот

Жедел-іздестіру шаралары барысында 35 жастағы күдіктінің гаражынан жалпы салмағы 154 келі марихуана тәркіленді. Тергеу мәліметіне сәйкес, каннабис тобына жататын есірткілер еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген.

Тәркіленген марихуана Абай облысы аумағында тарату үшін арнайы целлофан қаптамаларға оралғаны анықталды.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ІІМ есірткі жеткізу арналарына қарсы күрес жалғасатынын мәлімдеді.