Қазақстанда көрші елдермен салыстырғанда ең жоғары төлемдер беріледі. Бұл туралы қаржы сарапшысы Андрей Чеботарёв жазды, деп хабарлайды
Қазақстанда Жеңіс күніне орай 32,9 мың адамға біржолғы төлемдер берілді. Олардың ішінде ардагерлер, тыл еңбеккерлері, қаза болған және жарақат алғандардың жесір әйелдері бар. Биыл барлығы 3,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 57 ардагері тұрады. Әрбіреуінің есепшотына 5 млн теңге көлемінде біржолғы төлем аударылды.
Ал оның сомасы Өзбекстан, Беларусь пен Ресеймен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болып тұр. Өзбекстанда 30 млн сом (шамамен 1,1 млн теңге); Беларусьта 5 мың белорус рублі (орташа есеппен 715-825 мың теңге); Ресейде 10 мың рубльден (шамамен 61 мың тенгеден) бөлек аймақтық төлемдер қарастырылған. Мәселен, Мәскеу мен Мәскеу облысында 70 мың рубльге (орташа есеппен 430 мың тенгеге) дейін беріледі.
"Бірақ осы қосымша төлемдерді бірге есептегеннің өзінде көмектің жалпы көлемі Қазақстандағы көрсеткіштен әлдеқайда төмен болып тұр. Бұл факт қазақстандық ардагерлердің ерекше мәртебесін растап отыр және оларды әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік саясаттың жүйелі сипатын көрсетеді", - дейді Чеботарёв.