Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясын түбегейлі реформалау қажеттігін мәлімдеп, бұл жұмысты екі жыл ішінде аяқтау міндетін қойды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Президент мемлекеттік марапаттар мен әскери шендер тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде Қазақстанның бейбіт саясатты ұстанатынын, алайда кез келген қауіпке дайын болуы тиіс екенін айтты.
«Біз кез келген қақтығыс дипломатиялық жолмен, келіссөздер арқылы шешілуге тиіс деп есептейміз. Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.