Шымкентте көршілер арасындағы тұрмыстық жанжал кезінде екі адам пышақ жарақатын алған. 70 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған Paryz.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкенттің екі тұрғыны пышақ жарақатымен ауруханаға түскен. Анықталғандай, тұрғындар көршілер арасындағы тұрмыстық жанжал кезінде пышақ жарақатын алған.
"70 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп мәлімдеді Шымкент ПД-ның баспасөз қызметі.