Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Астана мен Алматыда қазақстандықтардың жеке деректерін заңсыз сатқан топ ұсталды

Биыл наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана және Алматы қалаларында ҚР азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинауда және таратуда күдікті адамдар тобы әрекетінің жолын кесті.  

Астана мен Алматыда қазақстандықтардың жеке деректерін заңсыз сатқан топ ұсталды
Фото: ҰҚК

Азаматтардың дербек деректерін сатқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Комитет хабарлауынша, биыл наурызда Астана және Алматы қалаларында ҚР азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинауда және таратуда күдікті адамдар тобы әрекетінің жолын кесілді. 

Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты Интернет желісінде сатып келген. 

"Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған", - деп жазылған хабарламада.

Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.