Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендедіч
— Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді. Бөлісу: Коллаж: Kazinform Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,68 теңгеге түсіп, 469,52 теңге болды.
Ұлттық банктің ресми бағамы — 471,46 теңге. Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 467,00 теңгеден сатып алынады, 474,00 теңгеден сатылады; — еуро: сатып алу — 552,00 теңге, сату — 562,00 теңге; — рубль: сатып алу — 5,99 теңге, сату — 6,30 теңге. — юань: сатып алу — 68,56 теңге, сату — 74,18 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 468,53 теңгеден сатып алынады, 471,06 теңгеден сатылады.
Еуро 552,20 — 557,68 теңге, ал рубль 6,04 — 6,17 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,60 теңгеден сатып алынады, 71,57 теңгеден сатылады.