Мәжілісте «Рейтингтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бірінші оқылымда қаралды. Құжатты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова таныстырды, деп хабарлайды paryz.kz.
Заң жобасының негізгі мақсаты – рейтингтік қызметті жүзеге асыру үшін толыққанды заңнамалық негіз қалыптастыру. Құжат аясында кредиттік рейтингтік агенттіктердің институционалдық жаңа моделі ұсынылып отыр. Атап айтқанда, үш түрлі агенттік қарастырылған.
Біріншісі – тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институты ретінде Қазақстанның рейтингтік агенттігін құру. Оның акционерлері қатарында Ұлттық банк, халықаралық рейтингтік агенттіктер және өзге де қаржы ұйымдары болады. Бұл ретте Ұлттық банк агенттіктің қаржылық тұрақтылығы мен қаржы нарығы тарапынан сенімділігін қамтамасыз етеді.
Екіншісі – халықаралық рейтингтік агенттіктер. Олардың қатарына Standard & Poor's, Moody's, Fitch Ratings сияқты ірі ұйымдар, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің кемінде бесеуі мойындаған басқа да рейтингтік агенттіктер кіреді. Заң жобасы қабылданған жағдайда, Қазақстанда рейтингтік қызметтің ашықтығы мен тиімділігі артып, қаржы нарығының тұрақтылығын күшейтуге ықпал етеді деп күтілуде.