Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Синоптиктер: кей өңірлерде ауа температурасы -18°С дейін төмендейді

Қазақстан бойынша 2026 жылғы 16–18 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктер: кей өңірлерде ауа температурасы -18°С дейін төмендейді
Фото: frepek

16–18 сәуір аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райына екі барикалық түзілім әсер етеді: батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон тұрақсыз ауа райын қалыптастырып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда қатты жауын-шашын әкеледі.

— Кезеңнің соңына қарай республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлері солтүстік антициклонның ықпалына өтіп, соған байланысты ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі байқалады, ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін, — дейді синоптиктер.

Кезеңнің басында солтүстікте түнгі ауа температурасы -1…-8°С дейін, күндіз +1…+8°С дейін төмендейді.

Кезеңнің соңында шығыста түнде -2…-18°С дейін, күндіз 0…+13°С шамасында болады. 

Елдің қалған аумағында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.