Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Елімізде теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді

15 cәуірде Қазақстанда телевизия мен радио уақытша жұмыс істемейді. Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні ескертілді, деп хабарлайды paryz.kz.

Елімізде теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді
фото: pexels.com

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 сәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Соған байланысты Қазақстанның бүкіл аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

"Жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын жүргізеді. Бұл жұмыстар сапалы телерадиохабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Тоқсандық жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақытқа ажыратуға мүмкіндік беретіндіктен, бұл кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген хабарламада.