Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Бензин күрт қымбаттамайды – министрлік

Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешев алдағы уақытта бензин бағасы күрт қымбаттамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бензин күрт қымбаттамайды – министрлік
Фото: sputnik.kz

Қазақстанда 1 сәуірден бастап АИ-92 бензині мен дизель бағасын ұстап тұрған мораторийдің мерзімі аяқталған болатын. Қазіргі кезде энергетика министрлігі бағаны реттеп отырған жоқ. Бәрі нарық жағдайында – сұраныс пен ұсынысқа қарай реттеліп жатыр.

"Баға өзгеріп жатқан жоқ. Біз оны байқап отырмыз. Сосын тапшылық жоқ. Шамамен 600 мың тонна бензин қоры бар. Ал тапшылық болмаса, жанар-жағармай бағасы көтерілмейді", - деді Жаркешев сенатта өткен брифингте. Оның айтуынша, бензин бағасын бәсекелестікті қорғау агенттігінен бөлек аймақтық штабтар да бақылайды. "Олар бағаның күрт өсіп кетуіне жол бермейді", - деп атап өтті вице-министр.