Олжас Абайдың жас қызбен бірге түскен суреттері әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Paryz.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.
Threads платформасында жарияланған кадрларда актердің өзінен әлдеқайда жас бойжеткенмен бірге түскені байқалады. Суреттерден оның қызға ерекше ілтипат танытып, еркелете қараған сәттері де көзге түседі. Желі қолданушылары бұл жағдайға байланысты түрлі пікір білдіруде.
Бірі «Астанада тұратын, танымал әулеттің қызы», «Дариғамен арадағы қарым-қатынас тек хайп болған сияқты» десе, енді бірі «қыз актерден әлдеқайда жас, оның үстіне ұлдары бар» деген пікірлер қалдырған. Ал кейбір қолданушылар тараған фото мен видеолардың шынайылығына күмән келтіріп, олар жасанды интеллект көмегімен жасалуы мүмкін екенін алға тартуда. Жас әйелі өзінің желідегі парақшасында оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.
"Очоу 2017 жылы ажырасты. Ал біз 2018 жылы отау құрдық. Біздің 5 жасар ұлымыз бар. Есімі Карим. Мен жасырған жоқпын. Оның суретін желіге сала бермеймін. Мен тоқал емеспін. Олжастың Дубайдағы үйге қатысы жоқ . Мен өз жағдайымды өзім жасадым. Екі кәсіппен айналысамын. Онымен ара-қатынасымыз жақсы. Қазір екі қаладамыз. Оның сьемкадан қолы босамайды. Мен Астана мен Шымкенттің ортасында жүремін. Олжас 1989 жылғы, мен 1997 жылғымын", - деп жазды ол.