Бас прокуратура Санжар Боқаевтың ісіне қатысты қосымша ақпарат жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін Боқаев екі айға қамауға алынған болатын. Оған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сондай-ақ аса ірі мөлшерде алаяқтық жолмен қаржы жымқыру бойынша айып тағылып отыр.
Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов алаяқтық жолмен қаржы жымқыру әрекеті қай кезде болғанын айтты.
"Ұлттық компанияда жұмыс істеген кезде болған", - деді Өтегенов сенаттағы брифингте.