Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Алматыда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Алматыда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Алматы қалалық соты.

Алматыда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: sputnik.kz

Қылмыстық іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.

Сотталушыға тағылған айып - Қылмыстық Кодекстің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері".

Қылмыстық іс жабық форматта қаралды.

"2025 жылы сотталушы кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, оның заңды өкілінің берген айғақтарымен, сондай-ақ сот сараптамаларының қорытындысымен дәлелденді", - дейді сотта.

Қылмыскер тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.