Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Талдықорғанда ер адамды көшеде пышақтап кетті

Талдықорғанда көшеде жанжал болып, ер адамды пышақтап кетті, деп хабарлайды Жетісу облысының полиция департаменті.

Талдықорғанда ер адамды көшеде пышақтап кетті
Фото: sputnik.kz

"Кешкі уақытта таныс адамдар арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан. Жәбірленушіге пышақ салған. Ол қайтыс болды", - дейді Жетісу облыстық полиция департаменті.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция оны ізін суытпай қолға түсірген.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.