Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Көкшетауда ер адам алимент бойынша берешегін төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған

Көкшетауда ер адам алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған, деп хабарлайды Ақмола облысының соты.

Көкшетауда ер адам алимент бойынша берешегін төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
Фото: istockphoto

Көкшетау қалалық соты өз бүйрегін сату бойынша заңсыз мәміле жасауға әрекет жасаған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

"Биыл қаңтарда Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде өзінің бүйрегін сату туралы хабарландыру жариялаған. Хабарландыру жарияланғаннан кейін ол Көкшетау қаласының тұрғынынан ұсыныс алған. Көкшетаулық тұрғын заңсыз мәміленің жолын кесуге полицияға өз еркімен көмектескен", - дейді сотта. 

Ақпанда сотталушы медициналық тексеруден өту және мәміле жасасу үшін Көкшетау қаласына келген. Бірақ жалған сатып алушыдан ақшаның бір бөлігін алған кезде оны полиция қызметкерлері ұстады.

"Сотталушы бүйректі сату туралы хабарландыру жариялағанын мойындады. Бұл әрекетке материалдық қиындыққа тап болып, алимент төлеу үшін барғанын айтты", - дейді. Сот үкімімен пробациялық бақылау белгіленіп, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.