Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы әр үш жыл сайын көтерілмек

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері қайта қаралады, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі paryz.kz.

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы әр үш жыл сайын көтерілмек
Фото: nur.kz

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заң жобасының жаңа редакциясын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Жаңартылған заң жобасында мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, білікті кадрларды тарту және ұстап қалу үшін бірқатар норма қарастырылған. Атап айтқанда, жалақыны кемінде үш жылда бір рет индекстеу тетігі енгізіледі, үстеме жұмыс, демалыс және мереке күндері үшін өтемақы төлеу көзделеді. 

Сондай-ақ қызмет өтілі 25 жылдан асқан және мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары бар қызметшілерге зейнетке шыққанда төрт лауазымдық жалақы мөлшерінде біржолғы сыйақы беріледі.

Бір елді мекеннен екіншісіне ауысқанда немесе мемлекеттік орган көшірілген жағдайда қызметшілерге көтерме жәрдемақы және мүлкін тасымалдауға өтемақы төленеді. Балалары балабақшаға кезексіз қабылданады. Сонымен қатар жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі қарастырылады.