Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Санжар Боқаев қамауға алынды

Бүгін, қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу аясында Алматы қаласының аумағында ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарының тәртібімен Санжар Боқаев ұсталды.

Санжар Боқаев қамауға алынды
Фото: видиодан скриншот

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Санжар Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінді. 

Тергеу деректеріне сәйкес, Санжар Боқаев аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген.

Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.