Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

«Тілеуімді тілеп қойыңыздар»: Дана Нұржігіт күтпеген жаңалығымен бөлісті

Тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Тілеуімді тілеп қойыңыздар»: Дана Нұржігіт күтпеген жаңалығымен бөлісті
Фото: әлеуметтік желіден

Журналистің айтуынша, ол жаңа кітабын баспаға тапсырып, оқырмандарынан қолдау сұраған.

«Жасың құтты болсын, оқырманым! Отпан таудың басынан ұшқын алған жүрек-жалыны сөнбесін! Бар бастамаң жемісті болсын, жақсыларым! Олай болса, мен де тәуекел етіп, амал жасадым: кітабымды баспаға тапсырдым. Тағдыры сәтті болсын деп Аллаға тапсырдым! Тілеуімді тілеп қойыңыздар», — деп жазды ол.

Тележүргізушінің бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, оқырмандар оған ақ тілектерін жаудырды. Көпшілік жаңа кітаптың жарыққа шығуын асыға күтетінін айтып, авторға шығармашылық табыс тіледі.