Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында ірі есірткі зертхасын жойды. 54 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz ІІМ-нің ресми сайтына сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, әкесі ұлын заңсыз бизнеске тартып, синтетикалық есірткі өндіруді үйреткен. Арнайы операция барысында 200 келі мефедрон, 2 тоннадан астам прекурсор, химиялық реактор, түрлі жабдықтар тәркіленді.
"Тәркіленген есірткі 600 мың бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 5 млрд теңге немесе 10 млн АҚШ долларынан астам. Бұл есірткі заңсыз айналымға түссе, мыңдаған адамның тағдырына балта шабушы еді", - деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.
Айта кету керек, прекурсор басқа өңірлерге де жеткізілмек болған. Полиция есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға тосқауыл қоюды жалғастырады.