Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстанда ауа райы 20 градусқа дейін жылынады

"Қазгидромет" алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстанда ауа райы 20 градусқа дейін жылынады
Фото: pixabay

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы одан әрі көтеріледі.

"Алайда елдің солтүстігінде және оңтүстігінің таулы аймақтарында ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады, жел күшейеді. Республика бойынша тұман болуы ықтимал", - дейді синоптиктер.

Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +10…+15°С-қа дейін, оңтүстікте +15…+20°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік пен шығыста +3…+8°С шамасында болады.