Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Геннадий Головкин Таиландтағы дауыс беру учаскесіне барды

Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Таиландта жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Геннадий Головкин Таиландтағы дауыс беру учаскесіне барды
Фото: СІМ

Сырты істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне қатысу аясында Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі жанындағы № 453 референдум учаскесіне барып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді.

Геннадий Головкин азаматтардың ел үшін маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, республикалық референдумның мемлекеттің одан әрі дамуы мен нығаюындағы рөліне назар аударды.