Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

ҚТЖ Наурыз мейрамы қарсаңында пойыздарда қосымша орындар ұсынады

Наурыз мейрамы қарсаңында пойыздарда қосымша орындар ұсынады, деп хабарлады Paryz.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

ҚТЖ Наурыз мейрамы қарсаңында пойыздарда қосымша орындар ұсынады
Фото: ҚТЖ

Наурыз мейрамын қарсаңында "Жолаушылар тасымалы" АҚ қала маңындағы қосымша электр пойыздарды іске қосып, бірқатар пойыздың құрамын ұлғайтады. Мереке күндері келесі қосымша қала маңындағы пойыздар қатынайды:

2026 жылғы 20 және 21 наурыз – №7510 "Астана – Павлодар" электрпойызы;

2026 жылғы 25 наурыз – №7509 "Павлодар – Астана" электрпойызы;

2026 жылғы 25 наурыз – №6803/6804 "Астана – Атбасар" электрпойыздары;

2026 жылғы 25 наурыз – №887/888 "Нұрлы жол – Бурабай курорты" электрпойызы.

"Сонымен қатар, 2026 жылғы 20, 22 және 24 наурыз күндері №606/605 "Қарағанды – Балқаш" жолаушылар пойызының құрамына екі қосымша вагон (1 купе және 1 плацкарт) тіркеледі", - деп жазылған хабарламада.

Нәтижесінде жолаушыларға қосымша 2177 орын ұсынылады. Бұл мереке күндері теміржол тасымалына деген жоғары сұранысты қамтамасыз етіп, жолаушылардың сапарын барынша жайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.