Астана әуежайында ауа райына және әуе компанияларының операциялық себептеріне байланысты рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Алматы, Қостанай, Шымкент, Өскемен, Орал, Қызылорда, Бішкек және Омбы бағыттарына ұшатын 11 рейс кешікті.
"Оның ішінде 2 рейс әуе компаниясының өндірістік себептеріне байланысты, 3 рейс әуе кемесінің ауыстырылуына байланысты кешікті. Қалған рейстердің кешігуіне борттың кеш келуі себеп болды", - дейді Астана әуежайы.
Шымкент, Петропавл, Семей, Алматы және Омбы бағыттары бойынша 9 рейс кешіктірілді. 2 рейс Астанадағы метеожағдайға байланысты, қалғандары әуе кемелерінің кеш келуіне байланысты бөгелді. Сондай-ақ үш рейс тоқтатылды. Астанада қолайсыз ауа райының салдарынан 8 рейстің ұшуы тоқтатылды.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 10 наурызда Астанада көшпелі бұлт шығып, ақ түтек боран соғады. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен боран соғады. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 23 метрге дейін жетеді.