Наурыз айындағы мерекелерде және референдум өтетін күні ақтөбеліктер қоғамдық көліктерде тегін жүре алады, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған Paryz.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Ақтөбе қаласы әкімінің қаулысына сәйкес 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде нәзік жандылар қалалық автобустарда тегін қатынайды.
Сондай-ақ республикалық референдум өтетін күні (15 наурыз) және Ұлыстың ұлы күні (22 наурыз) барлық тұрғын мен қала қонақтары қалалық автобустар тегін жүре алады.