Қарулы Күштердегі жоспарлы тексеруге байланысты жекелеген учаскелерде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған paryz.kz.
Ведомствоның мәліметінше, қорғаныс министрі Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізеді.
"Осыған орай 16-18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.