Маңғыстау облысының Құрық портында 19 тонна алмұрт Бельгияға кері қайтарылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Құжатты тексеру барысында карантинге жатқызылған өнім – алмұрт партиясының Қазақстан аумағына фитосанитарлық сертификатсыз әкелінгені анықталды.
"Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты импорттаушыға әкімшілік айыппұл салынып, өнім партиясын экспорттаушы ел — Бельгияға кері қайтару туралы акт ресімделді", - деп жазылған хабарламада.
АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті фитосанитарлық талаптарды сақтау өсімдік шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасындағы міндетті шарт екенін еске салды.