Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жаңа Конституция қабылданса парламенттің өкілеттігі қашан тоқтайды

Қазақстанның қазіргі парламенті референдумда жаңа Конституция қабылданса, 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды paryz.kz Конституциялық сотқа сілтеме жасап.

Жаңа Конституция қабылданса парламенттің өкілеттігі қашан тоқтайды
Фото: akorda.kz

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы жарияланды. Ол 15 наурызда өтетін референдумға шығарылады.

95-бапқа сәйкес, 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қалыптастырылған Қазақстан Республикасының Парламенті өз өкілеттігін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатады.

Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс және ол екі ай ішінде өткізілуге тиіс.