Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

"Қорғас" орталығы екі аптаға жабылады

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) уақытша жабылады, деп хабарлайды paryz.kz.

"Қорғас" орталығы екі аптаға жабылады
Фото: instagram.com/mcps_khorgos

Орталықтың Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәлімет бойынша, "Қорғас" 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жабық болады. Бұған ҚХР-да Қытай Жаңа жылының тойлануы және осыған байланысты "Қорғас" ШЫХО-ның қытай тарапындағы қызметінің уақытша тоқтатылуы себеп.

"Аталған кезеңде Қазақстан тарапында туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2026 жылғы 2 наурыздан бастап орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырады", - деді "Қорғас" ШЫХО әкімшілігі.