Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

17 жастағы қазақстандық теннисші Australian Open-нің жартылай финалына шықты

17 жастағы Заңғар Нұрланұлы юниорлар арасындағы Australian Open турнирінде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.

17 жастағы қазақстандық теннисші Australian Open-нің жартылай финалына шықты
Фото: ktf

Ширек финалда қазақстандық спортшы Гонконгтан келген Кай Томсонмен кездесіп, бірінші сетте 3:6 есебімен ұтылса да, одан кейінгі екі сетте (7:6 (4), 6:4) қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, Заңғар Нұрланұлы алғаш рет Australian Open ашық чемпионатының жартылай финалына шығып отыр.

Бүгінде 17 жастағы теннисші әлем рейтингісінде 12-ші орынды алып тұр. Айта кетері, бұған дейін Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалына шыққан болатын.