Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Конституцияға енгізілетін өзгерістер ел дамуын жаңа деңгейге көтереді - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі.

Конституцияға енгізілетін өзгерістер ел дамуын жаңа деңгейге көтереді - Тоқаев
Фото: Ақорда

Президент Волонтерлер форумының ашылуы салтанатымен құттықтап, басқосудың ерекше екенін атап өтті.

"Мен Сіздерді қоғам игілігі үшін қызмет етіп жүрген Қазақстанның нағыз отаншыл, жасампаз және қамқор жастары деп санаймын. Биыл бүкіл әлем Халықаралық еріктілер жылын атап өтуде. Өздеріңіз білесіздер, бұл бастаманы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-ші сессиясында көтердім. Еліміздің ұсынысы жаһандық ауқымда қолдау тапты. Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу деген сөз", - деді Тоқаев.