Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғалидің ұсталғанын растады, деп хабарлайды paryz.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жақыр. Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайды.
- ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу ақпараты жария етілмейді, - деп түсіндірді ҰҚК.