Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанадағы жантүршігерлік жол апатына қатысты тың дерек шықты

Астанада үш көліктің қатысуымен болған жаппай жол-көлік оқиғасы тергеліп жатыр. Апат салдарынан екі адам қаза тапқан. Бұл туралы Сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Астанадағы жантүршігерлік жол апатына қатысты тың дерек шықты
Фото: istockphoto

Айтуынша, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сонымен қатар ол апатқа себеп болды деп болжанған көлік жүргізушісі тірі қалғанын, ал қаза тапқандар соқтығысқан көліктерде болған адамдар екенін нақтылады.

Толық мәлімет бар, іс қозғалды, қазір тергеу аясында анықтап жатырмыз. Әзірге бұдан артығын айта алмаймын, – деді ол.

Оқиғаның құқықтық саралануы мен мүмкін болатын жауапкершілікке қатысты сұраққа жауап берген Игорь Лепеха бұл адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы екенін айтты.

Мұндай жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.