Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шымкентте мектептерге шабуыл жасау туралы ақпарат жалған – полиция

Шымкентте мессенджерлер арқылы мектептерде шабуылдар жоспарланғаны туралы жалған ақпарат таратылуда, деп хабарлайды paryz.kz.

Шымкентте мектептерге шабуыл жасау туралы ақпарат жалған – полиция
Фото: Baq.kz.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қауесеттерге сенбеу және тексерілмеген хабарламаларды таратуға болмайды.

«Полиция қазір тексеру жүргізуде, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Полиция ата-аналарды сабырлы болуға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.

Бұған дейін желіде 16 қаңтарда Шымкент мектептерінде жаппай шабуылдар жоспарланғаны туралы ақпарат тараған болатын.