Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Елімізде қара шайдың кейбір түрлерін әкелуге және сатуға тыйым салынды

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен Қазақстанда техникалық регламент талаптарына сай келмейтін шайды әкелуге және сатуға тыйым салынды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасаған Paryz.kz хабарлайды.

Елімізде қара шайдың кейбір түрлерін әкелуге және сатуға тыйым салынды
Фото: видиодан скриншот

Ведомствоның мәліметінше, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласында бақылау мақсатында сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары "күн батуы" (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталған, оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.

Бұдан бөлек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы тергеулер барысында шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені анықталған, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді. 

Осыған байланысты, келесі қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынған: 

"Апамның шәйі Premium gold", "Al-Hayat Golg", "БАЛҚИЯ Premium gold", өндірушісі "Orda Trade Astana" ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі; "Sultan Suleyman", "Pakistan tea", өндірушісі "Real Trade Astana" ЖШҚ (Астана қ.) "БАЛҚИЯ Premium gold", өндіруші "Аль-Хадия" ЖҚ (Алматы қ.); "Aje Onim", өндіруші "Орда Чай" ЖҚ (Алматы қ.) "Кальций" ЖШС тапсырысы бойынша: "Al-Hayat" Golg, өндіруші "Empire KENIY E.P.Z. Limited" (Алматы облысы); "Al-Jannat Premium", өндіруші "Ferdaus" ЖҚ (Алматы қ.); "Alfarah" (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).