Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматы автобустарында жолақысын төлеудің жаңа тәсілі енгізілді

Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің қосымша тәсілі іске қосылды. Енді автобус төлемін елдегі танымал банктердің бірінің QR-коды арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматы автобустарында жолақысын төлеудің жаңа тәсілі енгізілді
Фото: Baq.kz.

Алматы автобустарында банктердің QR-кодтары арқылы төлем жасау 2021 жылы енгізілгенімен, көп ұзамай одан бас тартылған еді. Жалғыз оператор –

“Алматы көлік холдингі” платформаларды біріктірудің мүмкін болмауын және жолаушылар ағынын есептеудегі қиындықтарды алға тартқан. Енді жолаушылар автобустағы QR-кодты Kaspi қосымшасы арқылы сканерлеу немесе көлік кодын қолмен енгізу арқылы жолақы төлей алады. Сонымен қатар, бұрыннан бар төлем құралдары – көлік карталары, мобильді қосымша және басқа да тәсілдер қолжетімді болып қала береді, – деп хабарлады холдинг.

Жолақы төлеудің жаңа тәсілі 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді. Қолма-қол ақшамен төлеу 2024 жылдың жазында қауіпсіздік мақсатында ресми түрде тоқтатылған болатын, себебі жүргізушілер ақша қабылдау кезінде алаңдайды.