Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды paryz.kz.
"Кремльде Владимир Путин мен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі өтті", – делінген хабарламада.
ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметінше кездесу РФ президентінің Кремльдегі апартаменттерінің асханасында өтті.
"Бұл форматтағы басқосу тараптар арасындағы жоғары деңгейдегі сенім мен берік қарым-қатынасты аңғартады. Бұған дейін мұндай құрметке Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко ие болған", – деп жазды портал.
Путин Назарбаевпен тұрақты түрде кездесіп тұрады. Олардың бұған дейінгі кездесуі 2025 жылдың 29 мамырында өтті. Сондай-ақ бір жыл бұрын, желтоқсан айында Ресей басшысы Қазақстанның экс-президентін Ново-Огарево резиденциясында қабылдаған болатын.