Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қарағандыда гастролер-ұры ұсталды

Қарағандыда гастролер-ұрының қылмыстық жолы кесілді, - деп хабарлайды paryz.kz.

Қарағандыда гастролер-ұры ұсталды
Фото: видиодан скриншот

Қарағандыда Қазыбек би атындағы полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстанның бірнеше ірі қаласында ұрлық жасаумен айналысқан 27 жастағы күдіктіні ұстады. Тергеу барысында оның қылмыстық әрекеттері тек Қарағанды қаласымен шектелмей, Астана, Шымкент пен Тараз қалаларын да қамтығаны анықталды.

"Күдікті қаладағы сауда орындарының бірінен ұялы телефон ұрланғаны туралы арыздан кейін полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият зерделеу және куәгерлердің айғақтарын жинау нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтады", - делінген хабарламада.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының қорытындысы бойынша, ұсталған азаматтың Қарағанды және республиканың өзге өңірлерінде жасалған кемінде төрт ұрлық дерегіне қатысы бары белгілі болды.