Биылғы жылдың алғашқы он айында кондитерлік өнімдер, печенье, кептірілген нан мен тәтті нан өндірісінің көлемі 93,3 мың тоннаны құрады, хабарлайды paryz.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Осылайша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс 6% өсті. Кондитерлік өнімдер экспорты 9,3% артты.
Атап айтқанда, 2025 жылдың қаңтар–қазан айларында шетелге 18,7 мың тонна өнім экспортталды, 2024 жылы көрсеткіш 17,1 мың тонна болған. Ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің негізгі көлемі Өзбекстанға, Ресейге, Беларусқа және Қырғызстанға экспортталды.
Кондитерлік өнімдер импорты 4,6% төмендеп, 10 айда 73,5 мың тоннаны құрады. Ішкі нарықтағы импортталған өнімнің үлесі 44,1% болды.
Негізгі жеткізушілер – Ресей, Украина, Қырғызстан және Өзбекстан. 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі нарығында 148,1 мың тонна кондитерлік өнім сатылған.