АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады. Бұл туралы президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.
Оның айтуынша, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелескен.
"Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөлісті. Құрама Штаттар көшбасшысы президентке жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті", - деп жазды Желдібай.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты "халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам" деп сипаттады.
АҚШ президенті мемлекет басшысына сый-сыяпат жолдады. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар, деді ол.