Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстанда доллардың бағасы құбылып тұр

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 519,61 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,63 теңгеге төмен, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстанда доллардың бағасы құбылып тұр
Фото: frepek

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 15 желтоқсанға белгілеген ресми доллар бағамы – 522,38 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 516,79 теңге, сату бағамы – 519,86 теңге. Астана қаласында айырбастау пунктері долларды орта есеппен 514,52 теңгеден сатып алып, 521,57 теңгеден сатуда.

Ал Шымкент қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 516,64 теңге, сату бағамы – 519,70 теңге.