Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Дрон шабуылына байланысты Өзбекстан ұшақтарының Ресейге рейсі кешігіп жатыр

Күшейтілген қауіпсіздік шараларына байланысты Ресей тарапы өзбекстандық ұшақтарды қабылдауды кейінге шегерді, деп хабарлайды paryz.kz.

Дрон шабуылына байланысты Өзбекстан ұшақтарының Ресейге рейсі кешігіп жатыр
Фото; Өзбекстан көлік министрлігі

Uzbekistan Airways компаниясынан мәлім еткендей, кеше түнде дрон шабуылына байланысты Ресейдің бірқатар әуежайы жұмысын тоқтатты. Тиісінше, өзбекстандық ұшақтардың рейсі кешігіп жатыр. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Мәскеу, Владикавказ, Грозный, Магас және Махачкала әуежайларындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Сәйкесінше, Қаршы-Мәскеу рейсін орындаған ұшақ Новгородтағы қосалқы әуежайға бағытталды. Сондай-ақ, Мәскеу — Самарқанд, Мәскеу — Ферғана, Ташкент — Махачкала — Ташкент, Ташкент — Грозный — Ташкент рейстері кешігеді.